Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Келісілді
Қостанай облыстық
мәслихаты
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 13 сәуірдегі | |
| № 103 қаулысына | |
| қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) Арнайы медициналық жабдықтау қоймасының басшысы (меңгерушісі).
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімшелерінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда қызмет алушылардың күндізгі ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның);
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының орынбасары;
3) аудандардың мансап орталығының; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімшесінің; аумақтық және оңалту орталығының; ұйымда қызмет алушылардың күндізгі ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның; үйде қызмет көрсетуді ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің; қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның); уақытша болу ұйымының (әлеуметтік бейімдеу орталықтарының, қызмет алушыларға, оның ішінде адам саудасы құрбандарына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және басқаларға арналған түнгі болу үйлерінің) басшысы;
4) облыстық маңызы бар стационарлық үлгідегі және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;
5) аудандардың мансап орталығы секторының басшысы; аудандардың мансап орталығы бөлімінің басшысы; мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі; мансап орталығының маманы;
6) барлық мамандықтардың дәрігерлері;
7) медбике (аға мейіргер);
8) провизор (фармацевт);
9) емдік дене шынықтыру нұсқаушысы;
10) фельдшер;
11) акушер;
12) тәрбиеші;
13) логопед;
14) психолог;
15) әдіскер;
16) барлық мамандықтардың мұғалімдері;
17) еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы;
18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
19) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
20) музыкалық жетекші;
21) райттерапия (иппотерапия) бойынша нұсқаушы-әдіскер;
22) жүзу нұсқаушысы;
23) дәріхана басшысы (меңгерушісі);
24) кітапханашы.
3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының, арнаулы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, білім беру ұйымдарының оқытушылары;
2) облыстық, аудандық маңызы бар ММ және МКК басшысы (меңгерушісі, директоры);
3) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, бастапқы әскери даярлық оқытушысы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін);
4) құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің, бөлімшенің) басшысы (меңгерушісі);
5) облыстық, аудандық маңызы бар ММ және МКК басшысының (директорының) орынбасары;
6) білім беру ұйымы интернатының, кабинетінің; бөлімшесінің; оқу бөлімінің, секторының, оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының басшысы (меңгерушісі);
7) біліктілікті арттыру институтының (филиалдың) кафедра меңгерушісі;
8) біліктілікті арттыру институтының (филиалдың) аға оқытушысы;
9) әлеуметтік педагог;
10) педагог-көмекші;
11) қосымша білім беру педагогі;
12) педагог-психолог, психолог;
13) арнайы педагог (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед-мұғалім, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);
14) педагог-ұйымдастырушы;
15) тәрбиеші, аға тәрбиеші, ана-тәрбиеші;
16) оқытушы; жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы;
17) аға тәлімгер, тәлімгер;
18) жастар ісі жөніндегі инспектор;
19) мәдени ұйымдастырушы;
20) еңбек бойынша; дене шынықтыру бойынша нұсқаушы; жүзу бойынша нұсқаушы-әдіскер, жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің), туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер;
21) өндірістік оқытудың аға шебері, шебері; өндірістік оқытудың шебер-оқытушысы;
22) әдіскер (негізгі қызметтердің); біліктілікті арттыру институтының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;
23) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), аккомпаниатор (негізгі қызметтердің), концертмейстер (негізгі қызметтердің), хореограф (негізгі қызметтердің), көркемдік жетекші;
24) педагог-кәсіптік бағдар беруші;
25) барлық мамандықтықтардың дәрігерлері;
26) мейірбике/мейіргер;
27) диеталық мейірбике;
28) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
29) кітапханашы.
4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы (директоры);
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының (директорының) орынбасары;
3) облыстық маңызы бар ММ және МКК секторының басшысы, облыстық маңызы бар ММ, МКК бөлімінің басшысы;
4) облыстық маңызы бар ММ және МКК филиалының басшысы (директоры);
5) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) суретшілері;
6) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
7) облыстық маңызы бар ММ қорларының бас сақтаушысы, қорлардың сақтаушысы;
8) экскурсия жетекшісі;
9) музей қараушысы;
10) музей қорларын есепке алу бойынша архивші;
11) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) әдіскері.
5. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы;
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының орынбасары;
3) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы;
4) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы;
5) барлық мамандықтардың дәрігерлері;
6) медбике/мейіргер (мамандандырылған);
7) әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы.
6. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:
1) орман шаруашылығы мекемесінің басшысы (директоры);
2) орман шаруашылығы мекемесі басшысының орынбасары (директордың орынбасары);
3) орманшылықтың басшысы (орманшы);
4) орманшылық басшысының орынбасары (орманшының көмекшісі);
5) орман өрт сөндіру станциясының бастығы;
6) орман тәлімбағының бастығы;
7) орманды күзету және қорғау бойынша бас инженер (табиғи кешендерді күзету және қорғау бойынша бас инженер);
8) орман шикізаты ресурстары бойынша бас инженер (орман пайдалану бойынша бас инженер);
9) орманды қалпына келтіру бойынша бас инженер (ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша бас инженер);
10) бас инженер-орман шаруашылығы маманы;
11) орманды күзету және қорғау бойынша инженер (табиғи кешендерді күзету және қорғау бойынша инженер);
12) орман шикізаты ресурстары бойынша инженер (орман пайдалану бойынша инженер);
13) орманды қалпына келтіру бойынша инженер (ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша инженер);
14) инженер-орман шаруашылығы маманы;
15) аңшылықтанушы;
16) орман (учаске) шебері;
17) орманшы (инспектор).
Ескерту:
ММ – мемлекеттік мекеме;
МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
