Маңғыстау ауданында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 31/232 шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі Маңғыстау ауданы бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Е. Махмутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады