"Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 27 шешімі

      Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3774 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      № 105 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 105 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Мерей" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Мерей" шағын ауданындағы Шоғы батыр, Өмірзақ Нұрбаев, Қиту Бекжанов, Аль-Фараби, Дінмұханбет Қонаев, Жайлаубай Тлеуов, Н. Тілеубергенова, Баласұғын Жүсіп, Қорқыт ата көшелеріндегі барлық үйлер.";

      № 108 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 108 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Мерей" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Мерей" шағын ауданындағы Мұстафа Өзітүрік, Сәнжан Боранбаев, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 көшелеріндегі барлық үйлер.";

      № 283 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

      "№ 283 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Мерей" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 25 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Мерей" шағын ауданындағы 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78 көшелеріндегі барлық үйлер.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы М. Мұқаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады