"Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 23 шешімі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзене қаласы әкімінің 2019 жылғы қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      № 95 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 95 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Рауан" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№22 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Рауан" шағын ауданында орналасқан барлық үйлер; "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "51809 Г әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      № 97 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 97 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңаөзен қалалық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданында орналасқан Нұрғиса Тілендиев, Омар Бисалиев, Бөкен би, №3 көшелеріндегі барлық үйлер; Рахат ауылының "Рахат" шағын ауданындағы Саяжай, Балауса, Гүлдер, Гүлмайса көшелеріндегі барлық үйлер.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж. Қайнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады