"Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 17 шешімі

      Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзене қаласы әкімінің 2019 жылғы қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:№ 87 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 87 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Самал" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№16 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Самал" шағын ауданы №№1/2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 12, 13, 16, 17, 18, 23, 38, 39, 40, 41, 42/1, 42/2 үйлер.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласмы әкімі аппаратының басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.


      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж. Қайнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады