Маңғыстау облысының білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтарының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 25/296 шешімі

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ынталандыру үстемақылары белгіленсін:

      Маңғыстау облысының білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтарына - 30 (отыз) пайыз мөлшерінде.


      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады