Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық коммуналдық меншік мәселелері туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілген "Ақтау тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандандырылған уәкілетті ұйымының Жарғысында:
29-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"29. Серіктестіктің жарғылық капиталы 1 331 066 078 (бір миллиард үш жүз отыз бір миллион алпыс алты мың жетпіс сегіз) теңгені құрайды.".
2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) Жарғыға енгізілген өзгерісті уәкілетті тіркеуші органға хабарлауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай |
