"Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 136 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жалпы алаңы 370 038,13 гектар, оның ішінде: Маңғыстау ауданы аумағында 104 874,42 гектар, Қарақия ауданы аумағында 265 163,71 гектар жер учаскелері "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына ауыстырылсын.";

      2-тармақтың бірінші, екінші, үшінші абзацтары алып тасталсын.

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады