"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 79 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 80 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 80 сайлау учаскесі
Мекен-жайы: "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "225 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы, Кәукей көшесі №3;
Шекаралары: Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылы, Ажар елді мекені және "Жанқожа батыр", "Кәрібай бұлақ" шекара заставалары.
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 85 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 85 сайлау учаскесі
Мекен-жайы: "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 100 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі № 38;
Шекаралары: Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылы, Майлыбас стансасы, № 99 теміржол бекеті және Бірлік учаскесі.
осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 87 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазалы ауданының әкімі | А. Есмаханов |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен |
