Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында орналасқан ауданы 0,5 га жер учаскесіне жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай, биіктігі 20 метрлік антенна-діңгек құрылысы объектісіне электр беру желілерін салу үшін 4 жыл 11 ай мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мыналарды қамтамасыз етсін:
1) жер учаскесін белгіленген жария сервитуттың шарттарына сәйкес пайдалануды;
2) құрылыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіруді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Родников ауылдық округінің әкімі | Е. Сексенбай |
