"KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 192 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тәттімбет ауылдық округі "Большая дайка" жер учаскесінде орналасқан жалпы ауданы – 3746,4691 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

      2. "KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімінің м.а. С.Мусин

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "24" маусымдағы
№ 192 қаулысына
қосымша

"KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2025 жылғы 13 қарашадағы №3819-EL лицензиясы)

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Омирбаев Рауан Муратович

09:133:054:007

486,3548

139,6027

2

Тусупбаев Самаркан Муратович

09:133:054:064

2127,9040

793,1877

3

Тусупбаев Самаркан Муратович

09:133:054:035

0,2400

0,2400

4

Тусупбаев Самаркан Муратович

09:133:054:056

5000,0000

1193,3155

5

Оспанов Болат Сунгашевич

09:133:054:057

0,1296

0,1296

6

Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы

09:133:054:077

49,9000

48,2307

7

Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы

09:133:054:078

2925,1960

1088,1974

8

Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы

09:133:054:076

1955,3277

73,4141

9

Абикеев Алтынбек

09:133:054:069

4700,0000

409,6631

10

Тәттімбет а/о

09:133:054:


0,4883


Барлығы



3746,4691


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады