"KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 191 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тәттімбет және Шарықты ауылдық округі "Узекбурлы" жер учаскесінде орналасқан жалпы ауданы – 6617,8073 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

      2. "KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімінің м.а. С.Мусин

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "24" маусымдағы
№ 191 қаулысына
қосымша

"KazRailServices" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2025 жылғы 13 қарашадағы №3820-EL лицензиясы)

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Ахметов Максат Толеуулы

09:133:052:211

3000,0000

645,7790

2

Тусупбаев Самаркан Муратович

09:133:054:064

2127,9040

509,1946

3

Мейрамбеков Бакибай Мейрамбекович

09:133:052:246

56,0000

23,3761

4

Мейрамбеков Бакибай Мейрамбекович

09:133:052:262

2033,0000

962,8567

5

Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы

09:133:054:078

2925,1960

1036,4750

6

Ғалымжанова Әйгерім Есенболқызы

09:133:052:216

1711,0000

1124,1681

7

Жанбырбаев Жанболат Есманович

09:133:054:075

2752,0000

10,2922

8

"Қарқаралы ауданы Шарықты а/о әкімі аппараты" ММ

09:133:051:357

2294,8090

524,4386

9

Айтмұқан Әділет Бақытбайұлы

09:133:052:212

2556,0000

1489,3855

10

Айтмұқан Әділет Бақытбайұлы

09:133:052:180

3000,0000

286,8125

11

Шарықты а/о

09:133:052


5,0190

12

Тәттімбет а/о

09:133:054


0,0100


Барлығы



6617,8073


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады