"Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 117 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 28 наурызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 3330 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімінің м.а. А.Сатыбалдин

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "____" ________
№ _____ қаулысына
қосымша

"Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы "акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Зияшев Кайрат Имашевич

09:133:064-173

4409,5000

53,5778

2

Ашимов Нуржан Мукатаевич

09:133:064:137

2266,5000

247,8047

3

Абдикеев Бакытбек Советович

09:133:064:156

2614,0000

1208,3466

4

"Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ

09:133:059:287

7,5970

1,4791

5

Н. Нұрмақов ауылдық округі

09:133:064


225,4680

6

Айнабұлақ ауылы



1593,3238


Барлығы



3330


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады