"TAILORED RESOURCE SOLUTION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 116 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "TAILORED RESOURCE SOLUTION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 03 наурызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 13151,6597 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

      2. "TAILORED RESOURCE SOLUTION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімінің м.а. А.Сатыбалдин

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "____" ________
№ _____ қаулысына
қосымша

"TAILORED RESOURCE SOLUTION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Тумарбаев Медет Капанович

09:133:060:105

1000,0000

129,9722

2

Ныгметов Асылбек Рымбекович

09:133:060:104

1000,0000

282,8151

3

Камалиев Бакытжан Серикбекович

09:133:060:112

1437,7532

228,0500

4

Уахитов Султан

09:133:060:040

1507,2500

1264,1991

5

Жаркибаев Кизат Толеубекович

09:133:060:080

1122,0000

397,8290

6

Сагиндыков Бейбит Тлеубекович

09:133:060:107

2472,0000

1238,5280

7

Сагиндыков Бейбит Тлеубекович

09:133:060:106

28,0000

28,0000

8

Тумарбаев Медет Капанович

09:133:060:039

805,0000

779,6770

9

Абай ауылдық округі

09:133:060


2105,8893

10

Босалқы жерлер

09:133:070


6696,7000


Барлығы



13151,6597


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады