Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 45/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2026 жылдың 7 сәуірдегі № 03/35, 03/36 жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану үшін, жалпы көлемі 89,565 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2028 жылдың 29 қыркүйегіне дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану үшін, жалпы көлемі 16,8742 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2028 жылдың 29 қыркүйегіне дейін жария сервитут белгіленсін.

      3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Жария сервитутты белгілеу туралы" 2025 жылғы 26 қарашадағы № 92/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      5. "IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді және өзге де шарттарды айқындау үшін "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, сондай-ақ және жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі туралы ескертілсін.

      6. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Аманжолов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 45/01 қаулысына 1-қосымша

"IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

1

Кукеев Абекен Турсынханович

09-102-040-1683

42,8414

2

Кукеев Саян Кенжеханович

09-102-040-1572

10,3040

3

Нарыпбеков Ермек Артаевич

09-102-040-1716

2,4360

4

Абишов Мадияр Шотбайұлы

09-102-040-1747

2,8420

5

Әртай Әмір Ермекұлы

09-102-040-1767

8,1200

6

Амирбаев Алимсерик Мажитович

09-102-040-531

2,7790

7

Конратбек Аскарбек Конратбекулы

09-102-040-1489

7,7000

8

Камбаров Ербол Мейрканулы

09-102-040-739

0,6720

9

Куатов Танирберген Базарович

09-102-040-1024

3,8570

10

Куатов Танирберген Базарович

09-102-040-1251

2,3030

11

"Pro Oil Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-040-1098

2,2820

12

Науанова Рысбала Абдрахмановна

09-102-040-1800

0,2800

13

Науанова Рысбала Абдрахмановна

09-102-040-1099

1,4000

14

"Pro Oil Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-040-1801

0,2310

15

"Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі

09-102-040-1585

0,7196

16

Абишев Мади Серикбекович

09-102-040-1568

0,7980

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 45/01 қаулысына 2-қосымша

"IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

1

Шайхенова Ляззат Сайлаубековна

09-102-040-1681

7,6510

2

Джортбасов Алалгар Рыспаевич

09-102-040-1486

6,16

3

"IRKAZ METAL CORPORATION" (ИРКАЗ МЕТАЛ КОРПОРАЙШН) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-040-969

0,6678

4

"Azurit-TC (Азурит-ТС)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-040-974

2,3954


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады