Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметі қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімі | А.Аманжолов |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 28/01 қаулысымен бекітілген |
"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімше) Ақтоғай ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Бөлімше 2026 жылғы 13 наурыздағы № 28/01 Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
3. Бөлімшенің құрылтайшысы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты Бөлімшенің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
5. Бөлімшенің атауы: "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Бөлімшенің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 7 үй.
2-тарау. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
7. Бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Бөлімшенің атауы жазылған мөрі болады.
8. Бөлімше басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
9. Бөлімше өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Бөлімшеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10. Бөлімшенің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау. Бөлімше қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Бөлімше қызметінің мәні мүгедек балалар мен мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қажет ететін қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
12. Бөлімше қызметінің мақсаты "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жәрдемдеседі.
13. Бөлімше мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
2) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
3) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау;
5) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
6) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
7) Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
8) Стандартқа сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайындағы ұйымдармен балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар үшін сабақтар өткізу ұзақтығын қамтамасыз ету;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысты жүргізу;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыру.
14. Бөлімшеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
15. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, құрылтайшының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Бөлімшені басқару
16. Бөлімшені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
17. Уәкілетті орган заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) құрылтайшыға Бөлімшеге мүлікті бекіту бойынша ұсыныстарды береді;
2) Бөлімшенің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) Бөлімшенің мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) құрылтайшыға Бөлімшенің жарғысын бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар береді;
5) Бөлімшенің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Бөлімшенің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) Бөлімше директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) Бөлімшенің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Бөлімшеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
10) құрылтайшыға Бөлімшені қайта құруға немесе таратуға ұсыныс береді;
11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Бөлімшенің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Бөлімшенің директоры Бөлімше жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Бөлімшеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
20. Бөлімшенің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Бөлімше қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
21. Бөлімше директорының Бөлімшемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
22. Бөлімшенің қызметті жүзеге асыруы барысында Бөлімше директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Бөлімше атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімшенің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) Бөлімшенің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Бөлімше қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) Бөлімше қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органы немесе құрылтайшы жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Бөлімше мүлкінің құрылу тәртібі
23. Бөлімше мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Бөлімшенің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздере есебінен құрылады.
24. Бөлімше дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімшеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Бөлімше қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
27. Бөлімше бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
28. Бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органы жүзеге асырады.
6-тарау. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі
29. Бөлімшенің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
30. Бөлімшенің еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынасы тиісті ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
31. Бөлімшенің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
8-тарау. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
32. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
33. Мемлекеттік занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
34. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды құрылтайшымен жүзеге асырады.
35. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Бөлімшенің мүлкін құрылтайшы қайта бөледі.
36. Таратылған Бөлімшенің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9-тарау. Бөлімшенің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
37. Бөлімшенің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
