1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Сонкар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1148,8611 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2031 жылдың 23 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Сонкар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. "Сонкар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді және өзге де шарттарды айқындау үшін "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, сондай-ақ және жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі туралы ескертілсін.
4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.Аманжолов |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 23/03 қаулысына қосымша |
"Сонкар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
| р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
| 1 | Аманбаев Ками Зиядаулы | 09-102-010-008 | 452,2280 |
| 2 | Айнеков Нурлан Омирсерикович | 09-102-010-121 | 105,6356 |
| 3 | Балтабеков Канат Калкаманулы | 09-102-010-028 | 72,6253 |
| 4 | Ахатова Лайлим | 09-102-010-073 | 415,1796 |
| 5 | Нүркен ауылдық округінің жерлері | | 103,1926 |