Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 18-бабына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министр орынбасарының-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметі қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын (бұдан әрі – Бөлімше).
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөлімшенің Жарғысы бекітілсін.
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 30-үй.
4. Бөлімшесінің уәкілетті органы ретінде "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
5. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімшені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Абай ауданының әкімі | С. Оспанов |
| Аудан әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтар №06/01 қаулысымен бекітілген |
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Абай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімше) Қарағанды облысы Абай ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Бөлімше Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
3. Бөлімшенің құрылтайшысы – Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігі.
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ Бөлімшеге байланысты бөлімшенің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5. Бөлімшенің толық атауы :
мемлекеттік тілде: Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Отделение социальной помощи на дому Абайского района" отдела занятости и социальных программ Абайского района.
6. Бөлімшенің тұрған жері: 101000, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, М.Әуезов көшесі, 30 үй.
2. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
7. Бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Бөлімшенің атауы жазылған мөрі болады.
8. Бөлімше басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
9. Бөлімше өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Бөлімше ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10. Бөлімшенің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Бөлімшенің қызметінің мәні мен қызметтері
11. Бөлімше қызметінің мәні мүгедек балалар мен мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қажет ететін қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
12. Бөлімше қызметінің мақсаты "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жәрдемдеседі.
13. Бөлімше мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
2) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
3) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
4) FSM "Social" цифрлық платформасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктерін бағалау және анықтау;
5) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
6) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
7) Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
8) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, сондай-ақ стандартқа сәйкес психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге арналған Бөлімшеде сабақтар өткізу;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысты жүргізу;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
11) барлық орындалған қызметтерді тұрақты тіркеуді, оларды түрлері мен санаттары бойынша жіктеуді, сондай-ақ ұсынылған қызметтердің нәтижелері мен тиімділігі туралы есептілікті қалыптастыру үшін деректерді жүйелі талдауды қоса алғанда, "Socium" платформасында алушыларға ұсынылған орындалған арнаулы әлеуметтік қызметтердің саны бойынша есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыру.
14. Бөлімшеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
15. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Бөлімшені басқару
16. Бөлімшені жалпы басқаруды "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
17. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Бөлімшенің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Бөлімше мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Бөлімшенің құрылымын, құрылуы тәртібі мен шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) Бөлімше директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) Бөлімшенің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Бөлімшені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
9) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Бөлімшенің директоры "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлімшенің директоры Бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Бөлімшеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
20. Бөлімшенің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Бөлімше қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
21. Бөлімше директорының Бөлімшемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
22. Бөлімше қызметінің жүзеге асыруы барысы Бөлімшенің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Бөлімшенің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімшенің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) Бөлімшенің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Бөлімшенің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Бөлімшенің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) Бөлімшенің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Бөлімшенің мүлкінің құрылу тәртібі
23. Бөлімшенің мүлік құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Бөлімшенің мүлкі мыналар:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер себінен құрылады.
24. Бөлімше дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімшеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Бөлімшенің қызметі Қарағанды облысы Абай ауданының бюджетінен қаржыландырады.
27. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.
28. Бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
6. Бөлімшенің жұмыс тәртібі
29. Бөлімшенің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
30. Бөлімшенің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Абай ауданының әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.
8. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
31. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату Абай ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
32. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органы қайта бөледі.
33. Таратылған Бөлімшенің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
