"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2."Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 08/01 қаулысының (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 6557-09 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |
| Саран қаласы әкімдігінің 2026 жығы 12 мамыр № 34/02 қаулысына |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1. | Саран қаласы | Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаңдағы стенд |
2. | Саран қаласы | Дубовка ауданы, Асфальтная көшесі № 18/1 үй мекенжайындағы дүкеннің жанындағы стенд |
3. | Саран қаласы | Жамбыл және Шахтерская көшелерінің қиылысында, Шахтерская көшесі, № 55 үй мекенжайындағы дүкен жанындағы стенд |
4. | Саран қаласы | "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен 1 "А" ықшам ауданы "Сәуле" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасындағы учаскедегі стенд |
5. | Саран қаласы | "Саран техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенд, Кольцевая көшесі, № 12 үй |
6. | Саран қаласы | № 3 ықшам аудан, мекенжайындағы дүкен жанындағы стенд 12 "А" үй |
7. | Саран қаласы | "Горняк" ықшам ауданы, 84 үй мекенжайындағы "Бартерный" дүкенінің жанындағы стенд |
8. | Саран қаласы | Шахтерская көшесі, 6А үй мекенжайындағы № 24 өрт сөндіру бөлімінің жанындағы стенд |
9. | Саран қаласы | Морозов көшесі, 74б мекенжайындағы ЖК Т.Н. Лапина дүкенінің жанындағы стенд |
10. | Саран қаласы, Ақтас кенті | Первомайская көшесі, № 16 "Б" үй мекенжайындағы дүкен жанындағы стенд |
11. | Саран қаласы, Ақтас кенті | Кржижановский көшесі, 17 үй мекенжайындағы "Ақ жол" сауда орталығының жанындағы стенд |