Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 шілдедегі № 311 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6444-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық мәслихатының
2026 жылғы "9" шілдеден
№ 311 шешімінің қосымша

Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

есеп айырысу бірлігі

Теңге (қосымша құн салығынсыз)

1

Абаттандырылған үй иеліктері

1 тұрғынға айына

423

2

Абаттандырылмаған үй иеліктері

1 тұрғынға айына

576

3

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

1 м3

3656


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады