"Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің 2026 жылғы 20 шiлдедегi № 01 шешімі

      Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына сәйкес, "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, 2026 жылғы 08 мамырдағы пайдалы қазбаларды барлау №3262 – EL (2025 жылғы 01 сәуірдегі Лицензияны қайта ресімдеу) лицензия негізінде, Гүлшат кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Гүлшат кенті, кентінде орналасқан, ауданы 571,6 га жер 2031жылғы 01 сәуірге дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жария сервитут белгіленсін

      2. "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Гүлшат кенті әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.Саданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады