Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 28/06 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2026 жылғы 22 сәуірдегі № ЗТ-2026-01694961 "CK NAMYS" қоғамдық қордың өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "CK NAMYS" қоғамдық қорына инженерлік желілерді төсеу үшін Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі, 23 үйдің оңтүстігінде орналасқан ауданы 3,4 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2031 жылғы 22 сәуірге дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "CK NAMYS" қоғамдық қоры инженерлік желілерді траншеясыз төсеу әдісімен жұмыс жүргізсін (келісім бойынша).

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі С. Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады