Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 48/62 бірлескен қаулысына және Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 қазандағы № 20/6 "Теміртау қаласы азаматтарының қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін (таксиден басқа) жекелеген санаттарына жеңілдіктер белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 20/40 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 21 мамырдағы № 43/6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 48/62 бірлескен қаулысына және Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 қазандағы № 20/6 "Теміртау қаласы азаматтарының қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін (таксиден басқа) жекелеген санаттарына жеңілдіктер белгілеу туралы" шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімінде № 6669-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда берілсін:

      "1. Теміртау қаласының тегін жол жүру құқығын растайтын құжат (электрондық жол жүру құжаты) болған жағдайда, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жүру түріндегі азаматтардың келесі санаттарына жеңілдіктер белгіленсін:

      1) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне:

      2-1) бұрынғы КСРОдағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСРОдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      2-2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      2-3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      2-4) бұрынғы КСРОдағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      2-5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРОдағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2-6) 1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттармен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-7) 2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-8) 1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСРОдағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқада радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана немесе қорғаншы.".

      2. Осы бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Г. Ашимов
      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады