2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 1/24 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Теміртау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қала әкімі Ғ.Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "9" қаңтардағы
№ 1/24 қаулысына
қосымша

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Ұйымдардың түрлері

Ұйымдардың меншік түрі

Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)

1

Үйде қызмет көрсету жағдайында (үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету)

Мемлекеттік сектор

1658,01

2

Уақытша болу жағдайында (уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету) Теміртау қаласының өмірлік қиын жағдайда әлеуметтік бейімдеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік сектор

7679,28

3

Уақытша болу жағдайында (уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ) "Теміртау қаласының отбасы орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік сектор

7411,50

4

Стационар жағдайында (стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету)

Мемлекеттік емес сектор

15 129,83


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады