Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2026 жылғы 17 тамыздағы № 390 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық Кодексінің 577, 581 баптарына Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық мөлшерлемені өсіру мөлшері және автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Бұл шешім 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің күшіне енуімен бір мезгілде күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Бөкенов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2026 жылғы "17" тамыздағы LIV сессиясының
№ 390 шешіміне қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін ұлғайған базалық ставканы ескерумен автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтің) типтері

Автотұрақтардың (паркингтің) санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Қарағанды қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Базалық ставканың өсіру мөлшері

Өсіру мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі

1

Жабық типтегі жерүсті ақылы автотұрақтар (паркингтер), ашық типтегі ақылы автотұрақтар (паркингтер), көп деңгейлі ақылы автотұрақтар

1

9,65

5

48,25

2

Ғимараттардың цоколдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және мұндай ғимараттардың ажырамас бөлігі болып табылатын, азаматтардың меншігіндегі көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) мен тұрақ орындары, ақы алусыз автотұрақтар (паркингтер), қызметтік тұрақтар, халықтың мобильдік тобының көлік құралдарының тұрақтары

2

9,65

1

9,65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады