1. "Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 57/08 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6655-09) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" және "Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы", "Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 07/31 қаулысына қосымша |
|
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы "20" қыркүйектегі № 57/08 қаулысымен бекітілді |
Қарағанды облысының ауылдық елді мекендері үшін аса тапшы медициналық мамандықтардың тізбесі
| № | Мамандықтардың атауы |
| 1. | Педиатрия |
| 2. | Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) |
| 3. | Жалпы дәрігерлік практика |
| 4. | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
| 5. | Терапевт |
