Мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 4-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 308 бірлескен нормативтiк қаулысы мен бұйрығы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен нормативтік қаулылардың және бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
______ Ә. Смайылов
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________ М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 4-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 308 бірлескен нормативтiк
қаулысы мен бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты (бұдан әрі – құпия ақпарат) ұсыну бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар шеңберінде "ақпараттық өзара іс-қимыл" және "ақпараттық жүйелер" терминдері тиісінше "цифрлық өзара іс-қимыл" және "цифрлық жүйелер" терминдеріне тең.

2-тарау. Мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну тәртібі

      3. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік реттеу саласындағы ақпаратқа кез келген ақпарат, cоның ішінде құпия ақпарат жатады.

      Мемлекеттік кірістер органдары Мәліметтерді және құпия ақпаратты сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына сұрау салу (бұдан әрі – Сұрау салу) негізінде ұсынады.

      4. Бұл ретте Мәліметтер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы ұсынатын мәліметтер тізбесіне сәйкес ұсынылады.

      5. Егер Мәліметтер мен құпия ақпарат сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, мемлекеттік кірістер органдары Сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіпке сәйкес және оны сақтай отырып, оларға Мәліметтерді және құпия ақпаратты береді.

      6. Мәліметтерді және құпия ақпаратты беру мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) қағаз жеткізгіштерде;

      2) электрондық жеткізгіштерде;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ақпараттық жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл болған кезде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      7. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Мәліметтерге және құпия ақпаратқа қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

      8. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік кірістер органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан алған Мәліметтер мен құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де таратылуға жатпайды, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандардың кедендік бақылауды жүргізу уақытында өз міндеттерін орындау кезінде де, оны аяқтағаннан кейін де жария етуіне жатпайды.

  Мемлекеттік кірістер органдары
мен сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
органдарының салық төлеушінің
(салық агентінің) жазбаша
рұқсатын алмастан салық
төлеуші (салық агенті) туралы
салықтық құпияны құрайтын
мәліметтерді және құпия
ақпаратты ұсыну бойынша өзара
іс-қимыл қағидаларына
қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы ұсынатын мәліметтер тізбесі

Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің атауы

1

Салық төлеушілердің дербес шоттары және олар бойынша деректер

2

Салық төлеушілердің салық нысандары және олар бойынша деректер

3

Салық төлеушiлердің Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамаларының нормаларын орындауын салықтық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер

4

Салық төлеушiлердің мемлекеттiк дерекқорынан алынған мәлiметтер

5

Салық төлеушiлер бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару туралы мәлiметтер

6

Салық төлеушiлер бойынша мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi туралы мәлiметтер

7

Салық төлеушiге қатысты қолданылған салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы мәлiметтер

8

Салықтық тексеру нәтижелерiне және лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктеріне) шағымдану туралы деректер

9

Салық төлеушілер және салық салу объектілері, сондай-ақ салық төлеушілер жүзеге асырған операциялар бойынша мәліметтер ұсынатын уәкілетті органдардың ақпараты

10

Салықтарды және айыппұл санкцияларын (есептен шығару туралы заң және мемлекеттік органдардың актілері қабылданғаннан кейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдарды) есептен шығару туралы ақпарат

11

Салық төлеушiлердiң салық есептілігі негiзінде қалыптастырылған талдамалық есептер

12

Электрондық шот-фактурадан алынған мәліметтер:
өнім берушінің деректемелері;
алушының деректемелері;
жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері;
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер, оның ішінде тауардың атауы, шығарылған жерінің белгісі, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды, өлшем бірлігі, саны, бағасы, құны, акциз, қосымша құн салығы, кедендік декларацияға сілтеме (импорт кезінде), айналым жасалған күн

  Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 14 мамырдағы
№ 4-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 308 бірлескен нормативтік
қаулысы мен бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бірлескен нормативтік қаулылар мен бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы.

      2. "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 6-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 614 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы.

      3. "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 17 ақпандағы № 5-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 271 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы.

      4. "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 758 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 8 қарашадағы № 14-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады