"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 33-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 222-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары
1‑тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 74‑бабының 3‑тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7‑бабының 33-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының (бұдан әрі – объектілер) мүлікін мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін айқындайды.
Жылжымалы және жылжымайтын мүлік республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі болуы мүмкін.
2. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудің міндетті шарты – оларды одан әрі нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) екінші қатысушы – тендерде мүлiктi жалдау ақысының екiншi ең көп сомасын ұсынған қатысушы;
2) жалдаушы (жалға алушылар) – жеке тұлғалар және заңды тұлғалар;
3) жалға беруші – республикалық мемлекеттік кәсіпорын және республикалық мемлекеттік мекеме нысанында құрылған, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын, мәдениет, білім беру, архив ісі, мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар саласындағы қызметті жүзеге асыру қызметінің негізгі нысанасы болып табылатын – республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары (бұдан әрі – республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары);
4) кепілдік жарна – жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның тендерге қатысу үшін төлейтін ақша сомасы;
5) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
7) объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған өтінім – объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған электрондық өтінім (бұдан әрі – өтінім);
8) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны, онда жалға беруші өзі қабылдаған бастапқы шарттар негізінде жалғыз қатысушымен немесе объектінің жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушымен шарт жасасуға міндеттенеді;
9) тізілімнің веб‑порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша интернет‑ресурста орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет‑ресурс.
2‑тарау. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі
4. Жалға беруші объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін www.e-qazyna.kz. мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста мынадай ақпаратты:
1) атауын, санын, өлшем бірлігін, мүліктік жалдауға (жалға) беру мерзімін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін көрсете отырып, объекті туралы мәліметтерді;
2) объектіні жалға беруші (пошта мекенжайы, телефоны, факсі, электрондық поштасының мекенжайы) туралы мәліметтерді қамтитын хабарландыруды орналастырады.
5. Курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін үй-жайлар сағат бойынша берілген жағдайда, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру тендер өткізбей жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының балансындағы объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) бергенде жалдау ақысын сағат бойынша есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жалға беруші объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беруге арналған өтінішті үш жұмыс күніне дейін қарайды.
1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы;
2) объект өтініште көрсетілген нысаналы мақсатқа сәйкес келмеген жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
7. Жалдаушымен шарт мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында электронды түрде жасалады және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жалға беруші мен жалдаушы қол қояды және шарттың сәйкестендіргішін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында тіркеледі.
Қабылдау-беру актісі оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалады.
Тараптардың өзара келісімі бойынша – мемлекеттік тілде.
8. Объектіні нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз күйге келтірген жалдаушы (жалға алушы) қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
9. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.
10. Жалға берушінің объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешімі объектіні мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасу үшін негіз болып табылады, ол жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында тіркелуге тиіс.
3-тарау. Тендер өткізуге дайындық
11. Тендердің ұйымдастырушысы жалға беруші болады.
12. Тендер комиссиясының құрамын жалға беруші бекітеді.
Тендер комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде 3 (үш) адамды құрайды.
13. Тендер комиссиясы жалға беруші белгілеген мерзімде және тендер құжаттамасының негізінде:
1) тендердің шарттары мен тендерге қатысушыға қойылатын талаптарды айқындайды;
2) осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес есептелген жалдау төлемінің мөлшерлемесінен төмен болмайтын жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесін (жалға алушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициентті қолданбастан) белгілейді;
3) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді. Жылжымайтын мүлік объектісін берген кезде тендерге қатысу үшін кепілдік жарна объект үшін жалдаушының қызмет түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттерді қолданбай және ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін мүліктік жалдауға беру кезінде ортақ пайдаланылатын орындарға қол жеткізуді есепке алмай есептелген айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді. Баланысындағы өзге де мүлікті берген кезде кепілдік жарна айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді.
14. Жалға беруші тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарламаны жариялауды қамтамасыз етеді.
15. Бірыңғай оператор:
1) тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;
2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, жалға беруші қол қойған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде жалға берушінің бюджет сыныптамасының тиісті кодына тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады;
3) олар тізілімнің веб-порталында кепілдік жарналарын қайтаруға арналған өтініштерге қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендердің басқа қатысушыларына, сондай-ақ тендерге қатысуға өтінім бермеген адамдарға кепілдік жарналарын қайтарады.
16. Қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарнаны енгiзедi.
Бір кепілдік жарна бір объектіге арналған тендерге қатысуға мүмкіндік береді.
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлға енгізеді. Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлем құжатындағы төлем мәнінде жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе қатысушының бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) көрсету қажет.
Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.
Кепілдік жарна тендер жеңімпазының тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады.
Тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін талаптарда шартқа қол қойылмаған жағдайда, Кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
Осы Қағидалардың 40-тармағын қоспағанда, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналарды бірыңғай оператор қатысушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған тізілімнің веб-порталы арқылы қалыптастырылған кепілдік жарнаны қайтаруға арналған өтініштің негізінде тендерге қатысушының өтінімде көрсетілген деректемелеріне сәйкес тендр өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
17. Тендердің шарттары өзгерген не тендер болмаған жағдайда, жалға беруші тізілімнің веб-порталында тендер өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өзгерістер немесе тендердің болмайтыны туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Тендердің шарттарын өзгерту не тендердің болмайтыны туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген адамдарға кепілдік жарна тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға арналған өтініш негізінде қайтарылады.
18. Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалға берушi тізілімнің веб-порталы арқылы объект туралы ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз етеді және объектіні қарауға рұқсат беруді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Тендер өткізу
19. Тендерге қатысушыларды тізілімнің веб-порталында тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады, ол өткен соң қатысушы берген өтінішін қайтарып ала алмайды.
20. Тендерге қатысу үшін қатысушы:
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошта мекенжайын, телефонын, электронды поштасының мекенжайын) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
21. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушы ЭЦҚ-мен қол қойған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша тендерге қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) тіркеу қажет.
22. Қатысушылар тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік шарттарға келісімі мен бағалық ұсынысты қамтитын өтінімді тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.
23. Қатысушылардың өтінімдері мен оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің веб-порталында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.
24. Қатысушының осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
25. Бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды жүзеге асырады. Бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды.
Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімінің қабылданғаны не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны тізілімнің веб-порталы автоматты түрде жібереді.
26. Тендер тізілімнің веб-порталында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұмаға аралығында өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде басталады және тендер өткізілетін күні аяқталады.
27. Егер тендер басталған кезде қатысушылардың тіркелген өтінімдері болмаса, тізілімнің веб-порталында тендер өткізілмеді деп танылады және жалға беруші осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен объектіні тендерге қайта қою туралы шешім қабылдайды.
Жалдау ақысының ең төменгі мөлшерлемесі өзгермей, бастапқы тендермен бірдей болған жағдайда тендер қайта өткізіледі.
28. Тендер қайта өткізілмеді деп танылған жағдайда, жалға беруші жалдау ақысының ең төменгі мөлшерлемесін бастапқы бағасынан 10%-ға төмендетеді.
29. Тізілімнің веб-порталы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты басталған кезде өтінімдерді автоматты түрде ашады.
30. Тендерге қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында жалға беруші өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін тізілімнің веб-порталында қарайды.
Қатысушы тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде жалға беруші себептерін көрсете отырып, қатысушыны тендерге қатысуға жібермейді.
31. Тендер өткiзу кезінде осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес есептелген объект үшін бастапқы бағадан жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға жауап беретін жалғыз қатысушы немесе тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомасы сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
32. Тізілімнің веб-порталында баға ұсыныстарын салыстыру және тендердің қорытындысын шығару автоматты түрде жүргізіледі.
Тендердің қорытындысы туралы хаттама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар шығарылғаннан кейін веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
5-тарау. Тендердің нәтижелерін ресімдеу
33. Жалға беруші тендер өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасын қалыптастырады және оны тізілімнің веб-порталы арқылы жеңімпазға жібереді.
34. Шарт тізілімнің веб-порталында электронды форматта жасалады және тендер өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалға беруші мен жұмыс беруші ЭЦҚ-ны пайдалана отырып оған қол қояды және шарттың сәйкестендіргіші көрсетіле отырып веб-порталда тіркеледі.
35. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, жалға беруші шарттың жобасын қалыптастырады және тізілімнің веб-порталы арқылы оны екінші қатысушыға жібереді.
Егер екінші қатысушы бес жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймаса, жалға беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылған тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.
Бұл ретте, жеңімпазға және екінші қатысушыға кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайды.
36. Егер тендердің қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаса, жалға беруші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтпеді деп танылған тендердің шарттарында объектіні қайтадан сауда-саттыққа шығарады.
37. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Шарттарды құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеу жалдаушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
38. Енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебінде жеңімпазға есептеледі.
6-тарау. Объектіні беру
39. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға) беру қабылдау-беру актісі бойынша жүргізіледі, онда:
1) оның жасалған орны мен күні;
2) өкілдер тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілетті құжаттардың атауы мен деректемелері;
3) объектіні қабылдау және беру жүзеге асырылатын шартқа қол қойылған күні және оның нөмірі;
4) берілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары мен анықталған ақаулар тізбесімен бірге жай-күйі көрсетіледі.
40. Шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде объект жалға беруші, жалдаушы қол қоятын және жалға беруші ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында бекітетін қабылдау-беру актісі бойынша жалдаушыға беріледі.
Қабылдау-беру актісі қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалады.
Тараптардың өзара келісімі бойынша – мемлекеттік тілде.
Шарт бұзылған немесе оның мерзімі өткен кезде жалдаушы жалға беруші мен жалдаушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында қол қойған қабылдау-беру актісі бойынша объектіні шартты бұзу немесе шарт мерзімінің өту күнінен кешіктірмей жалға берушіге қайтарады.
41. Объектіні қосалқы жалға алуға жол берілмейді.
42. Жалға беру шарты шарттың талаптары тиісінше орындалған кезде оның қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылады.
Сол бір объектіге қатысты бір айға дейінгі мерзімге екі және қатарынан одан да көп шарт жасасуға жол берілмейді.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдер 2 (екі) рет жасалуы мүмкін, бұл ретте ұзартудың жиынтық мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы тиіс.
43. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған объектіні мүліктік жалдау (жалға алу) шартын құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеу жалдаушының (жалға алушының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7-тарау. Жалдау ақысы
44. Жалға берушінің балансындағы объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде бір жылдағы жалдау ақысының сомасын есептеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер мен объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттердің мөлшері негізінде айқындалады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жа = Рбм х S х Кфм х Ктеүж х Кжд х Као х Кұқн, мұнда:
Жа – мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі, бір жылға алғанда;
Рбм – 1 шаршы метрі үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңгемен алғанда;
S – жалға берілетін, оның ішінде прокаттау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сауда, ойын‑сауық және рекреациялық көрсетілетін қызметтерді, фото бойынша көрсетілетін қызметтерді және объектілерді уақытқа орналастыруды және/немесе жалға берушінің объектілерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін арнайы бөлінген орынды пайдалануды болжайтын өзге де қызмет түрлерін қоса алғанда, маусымдық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілетін аудан, шаршы метрмен алғанда;
Кфм – объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент;
Ктеүж – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;
Кжд – жайлылық дәрежесі ескерілетін коэффициент;
Као – аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент;
Кұқн – жалдаушының ұйымдық‑құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент.
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жа = Қ х Nam/100 х Кт, мұнда:
Жа – жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі, бір жылға алғанда;
Қ – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Тозуы 100 пайыз болып есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 280‑бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан астам тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кезде – 0,5 мөлшерінде қолданылады).
45. Ақы жалға алынған барлық мүлік үшін тұтастай немесе оның құрамдас бөліктерінің әрқайсысы бойынша бөлек, мерзімді немесе біржолғы енгізілетін төлемдердің шартта көзделетін нақты сомасында белгіленеді.
46. Жалдау ақысы бойынша берешегі бар жалдаушылардың тізілімі шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысын екі реттен астам төлемеген жалдаушылардың тізбесін білдіреді
Жалдау ақысы бойынша берешегі бар жалдаушылардың тізілімін тізілімнің веб-порталы ай сайын тиісті бюджетке жалдау ақысының түсуі туралы деректердің негізінде есепті айдан кейінгі айдың бесінші күні қалыптастырады.
Егер жалдаушы шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін объекті мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлемесе, жалға беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуға бастамашылық жасайды.
47. Мүліктік жалдауға (жалға) беру ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсету үшін төлемдер қосылмайды. Аталған төлемдерді жалға беруші ұсынған шоттың негізінде жалдаушы төлейді не шотты ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жалдаушы тікелей коммуналдық, пайдалану, санитариялық және өзге де көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне төлейді. Жалдаушы төлем туралы түбіртектің көшірмесін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жалға берушіге береді.
48. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде жылжымайтын мүлікке жатпайтын жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да объектілерді мүліктік жалдау (жалға алу) ақысының мөлшерін жалға беруші мен жалдаушы қайта қарамайды.
49. Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түскен жалдау ақысы жалға берушінің кірісіне аударылады.
50. Жалға беруші тізілімнің веб-порталында шарттың сәйкестендіргішін көрсете отырып, осындай шарт негізінде жалдау ақысы бойынша берешегі мен өсімпұлын есептей отырып, шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін мүлікті пайдаланғаны үшін екі реттен астам берешегі бар жалдаушылардың тізілімін қалыптастырады.
Егер жалдаушы шартта белгіленген төлем мерзімі өткеннен кейін мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлемеген жағдайда, жалға берушінің талабы бойынша мүліктік жалға беру шарты бұзылуы және мүлік жалға берушіге қайтарылуы мүмкін.
| Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ
1. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы жарияланған хабарламаны қарап және республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларымен танысып, (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) www.e-qazyna.kz. мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20 __жылғы "___"_______өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) тендерге (саны) қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы_______(_______________________) теңге _ _ _ _ _ кепілдік жарна (-лар)
(цифрлармен) (сомасы жазбаша)
енгіздім (-к).
Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері туралы мәліметтер:
Р/с № | Мүлікті жалдау (жалға алу) объектісінің атауы, сондай-ақ жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігі | Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге | ||||||
Р/с № | Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы | Төлем құжатының № | Төлем құжатының күні | Кепілдік жарнаның сомасы, теңге | ||||
1 | ||||||||
2 | ||||||||
Жиыны | ||||||||
3. Тендерге қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (-із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныммен (-ызбен) , мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама мен республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын жалдау (жалға алу) шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (-міз).
4. Мен (біз) тендердің жеңімпазы (-дары) болып айқындалсам (-қ), тендер өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіме мүліктік жалдау (жалға алу) шартына қол қою міндеттеме аламын (-мыз).
5. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын жалдау (жалға алу) шартына белгіленген мерзімде қол қойылмаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (-міз).
6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын жалдау (жалға алу) шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
7. Өзім (-із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-з):
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________
БСН _____________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)_________________________
мекенжайы:__________________________________________________
телефон нөмірі (факс):_ __________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК ________________________________________________________
БИК _______________________________________________________
банктің атауы _______________________________________________
Кбе ______________________________________________________
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:
өтінімге:
1)_________________________________________________________
2)_________________________________________________________
3)________________________________________________қоса беріледі.
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)____________________________
ЖСН ______________________________________________________
паспортының деректері ______________________________________________
мекенжайы:________________________________________________
телефон нөмірі (факс):_ _________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелері:
ЖСК ________________________________________________________
БИК______________________________________________________
банктің атауы ______________________________________________
Кбе ________________________________________________
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН /БСН:
өтінімге :
1) __________________________________________________________
2) _________________________________________________________
3) ___________________________________________________ қоса беріледі.
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және (заңды тұлға басшысының немесе оның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20 __ жылғы "___" ____________ .
Өтінім тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы "__" ____ сағат ____ минутта қабылданды.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Kбе – бенефициардың коды.
| Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына 2-қосымша |
Тендердің қорытындысы туралы хаттама
Күні және уақыты
Объектінің атауы_______________________________________________
Тендердің шарттары_____________________________________________
Жалға берушінің атауы ____________________________________________
Тендерді ұйымдастырушының (жалға берушінің) атауы ________________
Тендерді ұйымдастырушының (жалға берушінің) мекенжайы ___________
Жалға беруші тендерге жібермеген қатысушылар:
№ | Қатысушының атауы | БСН (ЖСН) | Қабылдамау себебі |
Жалға беруші тендерге жіберген қатысушылар мынадай баға ұсыныстарын ұсынды:
№ | Қатысушының атауы | БСН (ЖСН) | Объекті үшін жалдау ақысының сомасы | Өтінімді беру күні және уақыты |
1. Тендер жеңімпазы болып айқындалсын: (жеңімпаз атанған қатысушының атауы, БСН/ЖСН).
2. Жалға беруші осы Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында белгіленген мерзімде ____________(жеңімпаз атанған қатысушысының атауы, БСН/ЖСН) шарт жасассын.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
| Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына 3-қосымша |
Жалдаушының базалық мөлшерлемелері мен құрылыстардың типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттердің мөлшері
№ | Базалық мөлшерлеме | |
Әкімшілік-аумақтық бірлік | Базалық мөлшерлеменің мөлшері | |
1 | Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін | 100 шаршы метрге дейін 5 айлық есептік көрсеткіш, "Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 100 шаршы метрден жоғары болса 8 айлық есептік көрсеткіш |
2 | ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс | "Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш; маусымдық негізінде мүліктік жалдауға (жалға) берілетін объектілер үшін базалық мөлшерлеменің мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді |
№ | Коэфицеттердің түрі | Коэффициенттің мөлшері |
1 | Коммерциялық жылжымайтын мүліктің (Кжм) функционалдық мақсаты, ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент: | |
1.1 әкімшілік-офис үй-жайы | 1 | |
1.2 өндірістік үй-жай | 0,8 | |
1.3 қойма үй-жайлары (гараж, қазандық) | 1,5 | |
1.4 спорт құрылысжайлары (стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары) | 0,7 | |
1.5. жылжымайтын мүліктің өзге де типтері (сауда үй-жайлары, концерт залдары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттері, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері, қызмет көрсету орындары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, паркингтер және басқалар) | 2,0 | |
2 | Тұрғын емес үй-жайлардың түрі ескерілетін коэффициент (Ктеүж) | |
2.1 жеке тұрған ғимарат | 1 | |
2.2 жапсарластыра-жанастыра салынған үй-жайлар мен жер үсті қабаттарындағы үй-жайлар (алаңдар). | 0,9 | |
2.3 ірге (жартылай жертөле) қабаты | 0,7 | |
2.4 жертөле қабаты | 0,6 | |
2.5 өзге де (шатыр, шатырасты, тамбур, лоджия, ашық мәдени құрылысжайлар және басқалар) | 0,7 | |
3 | Жайлылық дәрежесі ескерілетін коэффициент (Кжд) | |
3.1 электрмен жабдықтау және коммуникациялары (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу беру) бар үй-жайлар үшін кез келген коммуникациялар түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1-ге азайтылады | 1 | |
4 | Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Као): | |
4.1 Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін | 3 | |
4.2 облыстың әкімшілік орталығы үшін | 2 | |
4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін | 1,5 | |
4.4 аудан орталығы үшін | 1 | |
4.5 кент, ауыл | 0,5 | |
5 | Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетінкоэффициент (Кұқн): | |
5.1 сауда-делдалдық қызметті | 0,9 | |
5.2 мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін | 0,8 | |
5.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін | 0,5 | |
5.4 қалғандары үшін | 1 | |