БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығына келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"74) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 144-1), 144-2), 144-3), 144-4), 144-5), 144-6) және 144-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"144-1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу;
144-2) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларын әзірлеу;
144-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу;
144-4) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу;
144-5) жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
144-6) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидаларын әзірлеу;".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Ысқақов |
