Этносаралық саладағы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі ұйымдар желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 20 ақпандағы № 72-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 878 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ережесінің 15-тармағы 496-46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес этносаралық саладағы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі ұйымдар желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      Министрдің міндетін атқарушы Қ. Ысқақов

  Бұйрыққа қосымша

Этносаралық саладағы ұйымдар желілерінің ең төмен мемлекеттік нормативтері

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Республикалық маңызы бар қала, астана

Халық саны 500 000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар

Халық саны 500 000 адамға дейін облыстық маңызы бар қалалар

Аудандық маңызы бар қалалар

Халық саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендер

Халық саны 1000 адамнан кем емес ауылдық елді мекендер

1

Достық үйі

Қажет болған жағдайда ұсынылатын объектілер

Қажет болған жағдайда ұсынылатын объектілер


      Ескертпе:

      Осы нормативтер бекітілген жағдайы бойынша қызмет етіп тұрған мәдениет объектілері сақталады және мәдениет ұйымдарды ең төмен нормативтерине жеткізу жергілікті атқарушы органдардын мүмкіндігіне қарай іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады