"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 122 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 377 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 122 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Е. Нағаспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады