Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 175 бұйрығы

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Нағаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 175 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу:

      жұмыс жүргізу аумағы шегінде жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты өзектендіру;

      геологиялық карталарды жасау;

      пайдалы қазбалардың болжанатын (болжамды) ресурстарын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу республикалық бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

      4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жоспарлайды, оны геология саласындағы ұлттық оператор ұйымдастырады және жүргізеді.

2-тарау. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      5. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жоспарлауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау құжаттарына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес, сондай-ақ аумақты геологиялық зерделеу деңгейін және әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган жоспарлау мақсатында осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстарды жүргізудің объектілік жоспарын қалыптастырады және бекітеді.

      6. Жұмыстар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау шеңберінде жүзеге асырылады.

      Тиісті қаржы жылына және жоспарлы үш жылдық кезеңге бекітілген бюджет қаражаты шегінде уәкілетті орган қаражатты жұмыс түрлері бойынша бөле отырып, объектілік жоспар қалыптастырады.

      Объектілік жоспар келесі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жобаларын және геологиялық ақпаратты талдау және жинақтау жөніндегі тақырыптық жұмыстарды жүргізуге ұсынымдар дайындауды көздейді.

      7. Геология саласындағы ұлттық оператор геологиялық іс-шаралар кешенін және олардың сметалық құнын негіздей отырып, жұмыстар жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      Бекітілген жоба жұмыстарды жүргізуге негіз болып табылады.

      8. Жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді геология саласындағы ұлттық оператор "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 3-тармағына және 74-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырады.

      Жұмыстар кезең-кезеңмен орындалады және мыналарды:

      дайындық кезеңін;

      далалық кезеңді;

      камералдық кезеңді;

      геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы деректі дайындауды қамтиды.

      9. Геология саласындағы ұлттық оператор:

      жұмыстың барлық түрлеріне техникалық тапсырмалар (техникалық ерекшеліктер) дайындайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді немесе орындаушыларды тартудың өзге де тәсілдерін қолданады;

      жұмыстарды орындауға шарттар жасайды;

      олардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      алынған нәтижелерді жинауды, талдауды және түсіндіруді жүргізеді.

      Жобаны іске асыру шеңберінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 71, 74-бабының 1-тармағына сәйкес зерттеу түрлері орындалады.

      10. Жұмыстардың жекелеген түрлерін орындаушыларды ұлттық оператор мемлекеттік сатып алу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы тартады.

      Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар, геология саласындағы ұлттық оператор айқындайтын шарттар негізінде тартылады.

      11. Жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу шеңберінде ұлттық оператор жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады

      Мониторинг орындаушылардың фото - және бейнематериалдарымен қоса, орындалған жұмыстар туралы деректерді ұсынуын, сондай-ақ жұмыстарды орындау барысында алынған геологиялық және өзге де ақпаратты мерзімді қабылдауды жүргізуді қамтиды.

      Жұмыстардың орындалу барысын мониторингтеу және бақылау мақсатында ұлттық оператор объектілерге шығуды жүзеге асыруға құқылы.

      12. Жұмыстардың нәтижелері күнтізбелік жоспарға және мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу қағидаларына сәйкес, кезең-кезеңімен және қорытынды қабылдауға, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.

      13. Қорытынды дерек республикалық геологиялық қорға және аумақтық тиесілігі бойынша геологиялық қорларға берілуге тиіс.

      Геологиялық ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді және мүдделі тұлғаларды есепке алуға, сақтауға, пайдалануға және ұсынуға жатады.

      14. Дерек орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күннен бастап екі ай ішінде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

      15. Геология саласындағы Ұлттық оператордың қызметін бақылауды мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау Қағидаларға сәйкес жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

  Жер қойнауын мемлекетті
геологиялық зерттеуді
ұйымдастыру және жүргізу
Қағидаларына қосымша
  Нысан

Объектілік жоспар

Жұмыстар
дың, іс-шаралар
дың, объектілердің атауы, өңірі, аумақтың (алаң
ның) мөлшері

Жұмыстарды жүргізудің тәсілі / негізі

Жүргізу мерзімі

Тол
ық смета
лық құны

Келі
сім-шарт
тар бойынша құны

Келісім-шарт нөмірі мен күні, жұмыстарды орындаушы ұйым
ның атауы

__ жыл
ға жос
пар

__ жылға жос
пар

__ жыл
ға жос
пар

басы (басталуы)

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

СҚҚ ескеріп қаражат лимиті, барлығы










2.

Аймақтық және геология
лық-түсіру жұмыстар:










2.1

Тақырып
тық жұмыстар










2.2

Жобалық-сметалық құжат
таманы құрастыру










2.3

Аймақтық геология
лық карталау










2.4

Шөгінді бассейндердің аймақтық геология
лық-геофизика
лық зерттеулері










3.

Іздестіру, іздестіру-бағалау жұмыстары










3.1

Қатты пайдалы қазбалар бойынша іздестіру-бағалау жұмыстары










3.2

Қатты пайдалы қазбалар бойынша іздестіру жұмыстары










Уәкілетті орган

1

Уәкілетті орган бойынша
Жиынтық










2

Жұмыстың атауы










2.1

Іс-шараның атауы










2.1.1

Объектінің атауы










2.2










2.2.1










Аумақтық орган

1

Уәкілетті орган бойынша Жиынтық










2

Жұмыстың атауы










2.1

Іс-шараның атауы










2.1.

Объектінің атауы










2.2










2.2.1











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады