ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 02.03.2026 ж. бастап күшіне енеді
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Геология саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамы геология саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.
| Министр | Е. Нағаспаев |