Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ "Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 6 мамырдағы № 240/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ "Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсат беру не әужді бас тартуды мемлекеттік рұқсаттар және хабарламалар цифрлық жүйесінде автоматты режимде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы";

      осы бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсат беру не дәлелді бас тартуды мемлекеттік рұқсаттар және хабарламалар ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі".

      3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Коняшкин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады