"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қолданбалы бағдарламалық қамтылымды құруға, дамытуға және пайдалануға арналған платформаны енгізу" қызметіне баға белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 19 ақпандағы № 84/НҚ бұйрығы

      "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қолданбалы бағдарламалық қамтылымды құруға, дамытуға және пайдалануға арналған платформаны енгізу" қызметінің бағасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрінің міндетін атқарушы
Р. Коняшкин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
міндетін атқарушының
2026 жылғы 19 ақпандағы
№ 84/НҚ бұйрығымен
Бекітілген

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы іске асыратын қолданбалы бағдарламалық қамтылымды құруға, дамытуға және пайдалануға арналған платформаны енгізу" қызметінің бағасы

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік құны/
Айлық құны
теңге, ҚҚС-ты есепке алмағанда

1.

"Қолданбалы бағдарламалық қамтылымды құруға, дамытуға және пайдалануға арналған платформаны енгізу" қызметі

1.1

"Қолданбалы бағдарламалық қамтылымды құруға, дамытуға және пайдалануға арналған платформа"

Бірлік

451 258 302 (айына)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады