Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 66 бұйрығы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 66 бұйрықпен бекітілген

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигация саласында:

      1) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;

      2) халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      2. Әуежайлар саласында, халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады