2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 49 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Халелов

  Көксу ауданының әкімдігінің 2026 жылғы "____" ____________ №____ қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер


Мекеме түрлері
Қызмет алушылардың түрлері
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге)
11.
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.
4480

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады