"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің №263 бұйрығына "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аденовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Жүнісбеков
| Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "____" ____________ №____ қаулысына қосымша |
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№ | Мекеме түрлері | Қызмет алушылардың түрлері | Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге) |
1 | Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; |
|