2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 53 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл ауданының әкімі А.С.Абдинов

  Аудан әкімдігінің 2026 жылғы "11" ақпандағы № 53 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Мекеме түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге)

1

Үй жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар.
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.

2280 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады