"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Исабаев |
| Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | Өлшем бірлігі, тонна/гектар | Субсидиялар нормасы, теңге |
1 | Қант қызылшасы | тонна | 25 000 |
2 | Дәндік жүгері | тонна | 13 000 |
3 | Майлы дақылдар | тонна | 6 000 |
4 | Қарақұмық | тонна | 8 000 |
| Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 8 148 120 |
| Фермерлік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 4 858 142 |