Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 112 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) арасында бөлу бекітілсін.

      2. ЖЖОКБҰ ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттер мен магистранттарға ғылыми кеңестің шешімі негізінде тағайындасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберін.

      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті көрсетілген стипендияны 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде төлеуді жүзеге асырсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2026 жылғы 4 наурыздағы
№ 112 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

Стипендия

Студенттерге

Магистранттарға

1

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

150


2

"Қ. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты" мекемесі

7


3

"А.Қ. Құсайынов атындағы Евразия гуманитарлық институты" жоғары білім беру мекемесі

6


4

"Астана халықаралық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3


5

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

160

2

6

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50


7

"Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20


8

"Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы

7


9

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20


10

"Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамы

3


11

"Алматы технологиялық университеті" акционерлік қоғамы

15


12

"Алматы Менеджмент университеті" мекемесі

1


13

"Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы

10

1

14

"Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15


15

"М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

22


16

"А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25


17

"Халықаралық Тараз инновациялық университеті" мекемесі

5


18

"Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25


19

"Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25

1

20

"М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25


21

"Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15


22

"С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50


23

"Alikhan Bokeikhan University" білім мекемесі

10


24

"І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

18


25

"Қарағанды индустриалды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2


26

"Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

1

27

"Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті" жеке мекемесі

4


28

"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5


29

"Өзбекілі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15


30

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5


31

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15


32

"М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40


33

"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30


34

"Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5


35

"О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" акционерлік қоғамы

2


36

"Халықаралық білім беру корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5


37

"Алматы гуманитарлық-экономика университеті" мекемесі

3


38

"Қазақстан-Америка еркін университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6


39

"А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті" мекемесі

8


40

"Академик Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті" мекемесі

2


41

"Академик Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті" мекемесі

5


42

"Q University" мекемесі

2


43

"Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15


44

"Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15


45

"Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті" жеке жоғары кәсіптік оқу орны

1


46

"Шымкент университеті" жеке мекемесі

2


47

"Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" акционерлік қоғамы

15


48

Қ.Құлажанов атындағы "Қазақ технология және бизнес университеті"

5


49

"М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті" акционерлік қоғамы

5


50

"Назарбаев университет" дербес білім беру ұйымы

7


51

"С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

4


52

Мекеме "SDU University"

15


53

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

9


54

"А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15


55

"Нархоз Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

6


56

"Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

5


57

"Қонаев университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2


58

"Bolashag Академиясы" жеке мекемесі

1


59

"Қазақстан-Неміс университеті" мекемесі

1


60

"Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті" мекемесі

1


61

"Каспий қоғамдық университеті" оқу мекемесі

3


62

"Халықаралық инженерлік-технологиялық университет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5


63

"Гуманитарлық-техникалық академия" мекемесі

1


64

"КИМЭП университеті" акционерлік қоғамы

10


65

"Мирас" университеті" мекемесі

2


Барлығы

1036

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады