Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 133 "Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2026 жылғы 23 шілдедегі № 402 шешімі

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №91-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мезгіл - мезгіл көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;

      2) әлеуметтік көмек адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-108/2020 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21263 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде табыс деңгейіне қарамастан күнтізбелік жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады