1. "Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №57/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №60-20 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |