Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 318 шешімі

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі" қосымшасында 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын :

      "26. "Қозғалыс нейрон ауруы" - Рилузол препараты.

      27. "Гемолитикалық-уремиялық синдромы"- Экулизумаб препараты.

      28. "Жүйелі қызыл жегі" - Анифролумаб препараты.

      29. "Ойық жаралы колит" - Адалимумаб препараты.

      30. "Тубулярлы некрозы бар жедел бүйрек жеткіліксіздігі" - Экулизумаб препараты.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады