"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 - тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сайлау кезеңінде барлық кандидаттар үшін баспа үгіт материалдарын орналастыру орындарының тізбесі белгіленсін.
2. Қаратау қаласы мен ауылдық округтердiң әкiмдерi барлық кандидаттар үшiн тең құқықтарды қамтамасыз ететiн шарттарда үгiт баспа материалдарын орналастыру үшiн бірдей және тең жағдайларды қамтамасыз етсiн.
3. "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Жүнісбеков |
| Талас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "02" маусымдағы № 01-126 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі
№ | Белгіленген орындар |
1 | Қаратау қаласы, орталық "Жеңіс" алаңы аумағында орналасқан тақта. |
2 | Қаратау қаласы, "Авангард" кинотеатріның аумағында орналасқан тақта. |
3 | Қаратау қаласы, Амангелді Иманов және Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы темір жол өткелінің маңында орналасқан тақта. |
4 | Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы № 20 көпқабатты тұрғын үйдің артында орналасқан тақта. |
5 | Қаратау қаласы, Әлия Молдағұлова және Александр Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта. |
6 | Ақкөл ауылдық округі, Ақкөл ауылы, орталық "Әмбебап" дүкенінің аумағында орналасқан тақта. |
7 | 1.Аққұм ауылдық округі, Аққұм ауылы, ауылдық клуб аумағында орналасқан тақта. |
8 | 2.Бостандық ауылдық округі, Бостандық ауылы, мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
9 | 3.Бостандық ауылдық округі, Талапты ауылы, Талапты орта мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
10 | 4.Берікқара ауылдық округі, Майтөбе ауылы, ауылдық пошта ғимаратының жанында орналасқан тақта. |
11 |
1.Берікқара ауылдық округі, Қожағаппар ауылы, ауылдық клуб аумағында |
12 | 6.Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылы, ауылдық клуб аумағында орналасқан тақта. |
13 | 7.Кеңес ауылдық округі, Көшек батыр ауылы, Жамбыл атындағы орта мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
14 | 1.Көктал ауылдық округі, Көктал ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан тақта. |
15 | 2.Қызыләуіт ауылдық округі, Қызыләуіт ауылы, мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
16 | 3.Қаратау ауылдық округі, Есейхан ауылы, мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
17 | 4.Қаратау ауылдық округі, Қараой ауылы, Бірлестік орта мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
18 | 2.Қасқабұлақ ауылдық округі, Қасқабұлақ ауылы, ауылдық клуб аумағында орналасқан тақта. |
19 | 3.Ойық ауылдық округі, Ойық ауылы, Ануарбек Тәжімбетов атындағы мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
20 | 4.Ойық ауылдық округі, Тұрымқұл ауылы, Жаңатұрмыс негізгі мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
21 | 5.Тамды ауылдық округі, Тамды ауылы, мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
22 | 6.Үшарал ауылдық округі, Үшарал ауылы, мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
23 | Саду Шәкіров ауылдық округі, Саду Шәкіров ауылы, мәдениет үйінің аумағында орналасқан тақта. |
24 | Саду Шәкіров ауылдық округі, Тамабек ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
25 | Қызыләуіт ауылдық округі, Ақтөбе ауылы, Сапақ датқа көшесі, Ақтөбе бастауыш мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
26 | Үшарал ауылдық округі, Қайыр ауылы, Қайыр көшесі, Абай негізгі мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
27 | Үшарал ауылдық округі, Арал ауылы, Арал көшесі, Талас негізгі мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
28 | Ойық ауылдық округі, Сейілбек ауылы, Бөлтірік Шешен көшесі, Ш.Смаханұлы негізгі мектебінің аумағында орналасқан тақта. |
