Сарысу ауданы әкімінің кейбір шешімдердің күшін жоюды тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 9 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Респеубликасының Конституциялық Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сарысу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасымен кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Мамытов

  Сарысу ауданы әкімінің
2026 жылғы " " ______
шешіміне қосымша

Осы тізімдегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешім (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2134 болып тіркелген);

      2. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Сарысу ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Сарысу аудан әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешім (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 2934 болып тіркелді);

      3. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Сарысу ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 7 шешім (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 5124 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады