2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 107 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесімен мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы Тұрсынбекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап орындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е. Құралбаев

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "24" сәуірдегі
№ 107 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)

1.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

5729


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады