"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес және Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2026 жылғы 22 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде, Т.Рысқұлов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Қызылшаруа ауылында орналасқан №3 мектепке объектiлiк табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы болып Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Құралбаев Ернар Сәбитбекұлы тағайындалсын.
3. "Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты" КММ заңда белгіленген тәртіппен осы шешімнің ресми жариялануын және әкімдіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
| Аудан әкімі | Е. Есіркепов |
Келісілді:
Е.Еспенов ______________
Е.Құралбаев ____________
Б.Тұрсынбек ___________
Б.Нұрғалиев ____________
С.Нүрпейсов ____________
Д.Оразбайқызы _________
Ұ.Имашев ___________
