"Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 67, 69 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 "Мойынқұм ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдык мемлекеттік мекемесіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бетпақдала жер қоры жерінен антенна діңгек құрылысына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жалпы алаңы 2,234 гектар және 10 кВт электр желісін жүргізу үшін жалпы алаңы 1,371 гектар жер учаскесінде 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мойынқұм ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдык мемлекеттік мекемесіне антенна діңгек құрылысына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізуден және 10 кВт электр желісін жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және 10 кВт электр желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | К. Толеубеков |
