Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

      Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқарма басшысының
міндетін атқарушы Д. Тунгатов

  "Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы ___ сәуірдегі
№ ___ қаулысына қосымша"

Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

Сарысу ауданы

1

"Жайылма-Маятас" топтық су құбыры

2

"Қамқалы" оқшау су құбыры

3

"Игілік" оқшау су құбыры

4

"Ұйым" оқшау су құбыры

5

"Жаңаталап" оқшау су құбыры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады